Біз туралы

"Асыл бөбек"бөбекжай -бақшасы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын 2015 жылы ашылған.
Сыйымдылығы 120 балаға арналған. Балабақшада 6 топ жұмыс жасайды.
Балабақша қазақ тілінде жұмыс жүргізеді.Ғимаратта әдістемелік кабинет,
медициналық кабинет, кір жуу бөлмесі,асхана 6 топқа арналған жатын,
ойын -сабақ бөлмелері, әжетхана , жуыну бөлмелері және тамақтандыру бұрыштары
және көкөністер мен жемістерді сақтайтын қоймалар қажетті техникалық
құралдармен жабдықталған.Сонымен қатар ғимаратта меңгеруші кабинеті,
музыка залы әдіскер кабинеті орналасқан.Жұмыс тәртібі 5 күндік,
ұзақтығы -9сағат, тамақтандыру үш реттік.